Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Матфея
Параллельные места
Бірақ ол қолын қайта тартып алып, оның сыңары бірінші болып туды. Босандырушы әйел таңғалып: «Сен қалайша бұзып-жарып бірінші боп шықтың?» — деді. Сондықтан оған Парес («Бұзып-жарушы») деген ат қойды. Одан кейін қолына қызыл жіп байланған інісі де туды. Оны Зарах («Қызыл», «Таң шапағы») деп атады. Ыбырайымның ұлы Ысқақтың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ыбырайымнан Ысқақ туды. Ысқақ қырық жасында солтүстік Месопотамияда тұратын арамалық Бетуелдің қызы, Лабанның қарындасы Рабиғаға үйленді. Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ ол үшін Жаратқан Иеге жалына сиынды. Оның тілегін Иеміз қабыл алып, күндердің күнінде Рабиға жүкті болды. Оның құрсағындағы екі нәресте бір-бірімен тебісетін. Сонда ол: «Менде не үшін бұлай?» — деп ойлап, осыны білмекші болып Жаратқан Иеге жүгінді. Иеміздің жауабы мынау болды:«Сенің ішіңде екі тайпа жатыр,Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ.Біреуі екіншісінен күштірек болып,Ағасы інісінің қызметшісі болмақ». Босанатын уақыты келіп, Рабиға егіз ұл тапты. Бірінші туған баланың денесін киім іспетті қалың қызыл түк басып кеткендіктен, оған Есау (яғни «Түкті») деп ат қойды. Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді. Тамар ата-тегіміз Яһудаға Паресті туып беріп, үлкен әулетті таратқандай, Жаратқан Ие осы жас әйелден сыйлайтын ұрпақтарың арқылы сені де үбірлі-шүбірлі қыла көрсін! — деп баталарын берді. Парес әулетінің тарау тегі мынау: Парестен Хесрон, Хесроннан Рам, Рамнан Әминадап, Әминадаптан Нағасон, Нағасоннан Салмон, Салмоннан Боғоз, Боғоздан Ғабит, Ғабиттен Есей, ал Есейден Дәуіт туды. Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды. Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул. Хесронның ұлдары: Ерахмел, Рам, Халеп.
От Матфея
Выбор основного перевода