Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Матфея
Параллельные места
Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды. Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі») деп қойды. Бірақ Құдай Оған: «Бала мен күңге бола қамықпа. Сараның айтқанының бәріне көн, себебі сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады. Ыбырайымның ұлы Ысқақтың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ыбырайымнан Ысқақ туды. Ысқақ қырық жасында солтүстік Месопотамияда тұратын арамалық Бетуелдің қызы, Лабанның қарындасы Рабиғаға үйленді. Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ ол үшін Жаратқан Иеге жалына сиынды. Оның тілегін Иеміз қабыл алып, күндердің күнінде Рабиға жүкті болды. Оның құрсағындағы екі нәресте бір-бірімен тебісетін. Сонда ол: «Менде не үшін бұлай?» — деп ойлап, осыны білмекші болып Жаратқан Иеге жүгінді. Иеміздің жауабы мынау болды:«Сенің ішіңде екі тайпа жатыр,Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ.Біреуі екіншісінен күштірек болып,Ағасы інісінің қызметшісі болмақ». Босанатын уақыты келіп, Рабиға егіз ұл тапты. Бірінші туған баланың денесін киім іспетті қалың қызыл түк басып кеткендіктен, оған Есау (яғни «Түкті») деп ат қойды. Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді. Мұнан соң да Лия құрсақ көтеріп, ұл тапқанда: «Енді Жаратқан Иені мадақтай беремін», — деп, ұлын Яһуда («Мадақтау») деп атады. Содан кейінгі жылдары ол бала көтермеді. Яһуда, сені бауырларың мадақтайды!Қолың жауыңның желкесінен түспейді,Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:Ол еркек арыстан құсап қомданады,Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып).
От Матфея
Выбор основного перевода