Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сион тауының басында Әлемнің Иесі барлық халықтарға арнап семіз ет пен жілік майынан, таңдаулы сусындардан мол дастарқан жайып, тамаша той дайындайды. Осы таудың басында Ол барлық халықтардың беттерін жабатын пердені, күллі ұлттардың үстінен төніп тұрған жабынды ысырып тастайды. Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. «Сол кезде сендер Менің, өз Құдайларың Жаратқан Иенің, киелі тауым Сионда тұратынымды білетін боласыңдар. Иерусалим қаласы Өзіме бағышталып қасиетті болады. Енді оны ешбір жат жұрттық басып ала алмайды. Сол күні таулардан тәтті шырын тамшылап, төбелерден сүт ағатын болады, Яһуданың барлық жылғаларында су ағады. Жаратқан Иенің киелі үйінен басталған бұлақ Аққараған аңғарын суға кенелтеді. Яһуданың халқына жасаған қиянаттары үшін және өз жерінде отырған халықтың жазықсыз қанын төккендері үшін Мысыр елі қаңырап бос қалып, Едом елі де қу медиенге айналады. Ал Яһуда бұдан былай бос қалмайды. Иерусалимді де ұрпақтан ұрпаққа мекендейтін болады.
Выбор основного перевода