Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Тіпті дастарқандас боп нанымды жегенСырлас досым, өзім толықтай сенген,Енді мені теуіп жіберу үшінМаған қарсы көтерді өз өкшесін. Жауым қараласа соған төзер едім,Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім. Алайда мұны істеген қатарласымСенсің, о, жаныма жақын сырлас досым! Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз,Құдайдың үйіне бірге барғанымыз. Осы он екі елшінің есімдері мыналар: алдымен Шимон, ол Петір деп те аталатын, әрі соның інісі Әндір; сондай-ақ Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай; Тома мен салықшы Матай; Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей); Діншіл Шимон және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот. Сонда он екі елшінің біреуі — Яһуда Исқариоттың бойына әзәзіл шайтан кіріп алды. Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты. Иса Шимон Исқариоттың ұлы Яһуда туралы айтқан еді. Ол сол он екінің біреуі болғанмен, кейін Исаны ұстап берді.
Выбор основного перевода