Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. Адам оны Жаратқан Иенің алдында, құрбандық үстелінің солтүстік жағында шалсын. Діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдары малдың қанынан құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. — Себебі Мен әділдікті сүйіп, зорлық-зомбылықты жек көремін, — дейді Жаратқан Ие. — Меншікті халқыма тиісті сыйларын адалдықпен беріп, олармен тұрақты Келісім жасаймын. Мен сендермен Келісім жасап, ол шалынған құрбандықтың қанымен бекітілген болатын. Сол үшін Мен тұтқындарыңды сусыз құдық іспетті (Бабыл еліндегі) зындандардан құтқарып аламын. Алайда (Еремия пайғамбар) халқының айыбын әшкерелегенде былай деген:«Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп алыңдар, Мен Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келеді. Бұл Келісім Мен олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені олар сол Келісіміме адал болмағандықтан ықыласымнан айырылды, — дейді Жаратқан Ие. — Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады, — дейді Жаратқан Ие. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын». Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз. Сол себептен де Мәсіх Жаңа Келісімнің негізін салушы! Ол адамдардың Көне Келісімнің тұсында жасаған күнәларының құнын төлеп оларды азат ету үшін өз жанын өлімге қиды. Сондықтан енді Құдай шақырғандар Оның уәде еткен мәңгілік жарылқауына ие болады. Құдай бекіткен Келісімді өсиетнамамен салыстыруға болады: өсиетнаманы қалдырған кісінің өлгендігі анықталған соң ғана оны ашып оқуға болады. Өсиетнама адам тірі жүргенде емес, қайтыс болғаннан кейін ғана күшіне енеді. Сол сияқты, бұрынғы Келісім де қанмен бекітіліп, күшіне енді. Алдымен Мұса пайғамбар бүкіл Исраил халқына Таурат заңының барлық өсиеттері мен ережелерін жариялаған еді. Содан кейін құрбандыққа шалынған бұзаулар мен қошқарлардың қанын алып, су қосты да, сайсағыз бұтақшалары мен аздаған ал қызыл түсті жүнді соған малып алып, Келісім кітабына және бүкіл халыққа бүркіп тұрып: Бұл — Құдайдың өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. Дәл солай Мұса киелі шатырға да, Құдайға қызмет жасағанда қолданылатын барлық бұйымдарға да қан бүркіп септі. Таурат заңы бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады. Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді.
Выбор основного перевода