Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Ұл әкесін сыйлайды, қызметші қожайынын құрметтейді. Егер Мен көктегі Әкелерің болсам, Мені сыйлайтындарың қайда? Егер Қожайындарың болсам, Маған көрсеткен құрметтерің қайда? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Алайда сендер, уа, діни қызметкерлер, Менің есімімді менсінбей жүресіңдер! Бірақ та сендер: «Біз қалайша Сенің есіміңді менсінбей жүр екенбіз?» деп сұрайсыңдар. Көптеген адамдар қиямет соты күні Маған: «Уа, Тақсыр Ие, Сенің атыңмен біз жұртқа Құдайдың хабарын жеткізбедік пе? Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, көптеген кереметтер жасамап па едік?» — деп жалынатын болады. Ендеше, өздеріңде қалған барлық арамдық пен жамандық атаулыны тастаңдар, жүректеріңе себіліп жатқан Ізгі хабарды кішіпейілділікпен қабылдаңдар! Ол сендерді күнәнің құлдығынан құтқара алады. Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер ғана Құдай алдында ақталады.
Выбор основного перевода