Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінінҚуана әндетіп жинамақ өнімін: Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Әділетті бұйрықтарымды сақтап, әділ істер жасаңдар! Мен сендерді жақында құтқарып, әділдігімді ашық көрсететін боламын. Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды. Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады.Сонда олар «Жаратқан Иенің Өзі отырғызған мықты ағаштары» деп аталады, әрі Оның алдында ақталған, әділдік істеп, салтанатты ұлылығын паш ететін халқы болады. Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, былай деймін: Біліп қойыңдар, Маған қызмет ететіндер тойына ішіп-жеп, ал сендер, зұлымдар, ашығып, шөлдейтін боласыңдар! Қызметшілерім шаттанғанда сендер ұятқа қаласыңдар! Енді ешқашан да соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді.
Выбор основного перевода