Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса осыны айтқаннан кейін сонда тұрған сақшылардың бірі Оның бетін шапалақпен тартып жіберіп:— Сен бас діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің? — деп зекіді. Сонда Пауыл оған:— Әктелген қабырға, сізді Құдай ұрады! Осы жерде мені Таурат заңы бойынша соттау үшін отырғанмен, заңды бұзып мені ұрғыздыңыз, — деді. Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. Бір-біріңмен таласқандарыңның өзі масқара! Одан да әділетсіздікке неге төзбеске, неге ақыларыңды жегізбеске? Ал егер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елдегі қалалардың бірінде мұқтаждыққа тап болған бейшара бауырласың болса, онда оған жүректеріңді қасарыстырып, сараңдық көрсетпеңдер! Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. Жалқау жан күні бойы алуды көксер,Ал әділ жан мұқтажға аямай берер.
Выбор основного перевода