Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын! Оны мен өзім көремін! Оны көретін басқаның емес, менің өз көздерім болады. Сол үшін де жүрегім кеудемде қатты толқып тұр! Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім. Адамдардың Таурат заңын ұстануға ұмтылысын Мәсіх тоқтатты, енді Оның құрбандық өліміне сенетіндер ақталады. Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған. Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан:Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың,Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың. Шалып, өртелетін не күнәнің құнынӨтейтін құрбандықтарды жақтырмадың. Сонда Мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын,Уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін.Шиыршық кітапта Мен туралы жазылған». Сол құрбандықтардың Таурат заңына сай ұсынылатынына қарамастан, Ол алдымен былай деді: «Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, шалып, өртелетін не күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарды жақтырмадың». Содан кейін Ол: «Келе жатырмын, уа, Құдай, Сенің еркіңді орындау үшін» деп қосты. Осылайша Тәңір Ие бұрынғы құрбандық рәсімдерін доғартып, олардың орнына Мәсіхтің құрбандығын енгізді. Иса Мәсіхтің өз денесін біржола құрбан етіп, Құдайдың еркін орындауы арқылы біз Оның қасиетті адамдарына айналдық.
Выбор основного перевода