Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сол жерде алысырақтан қарап тұрған көптеген әйелдер де болды. Олар Исаға қызмет етіп, Ғалилеядан еріп келгендер еді. Араларында мағдалалық Мәриям және Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям, сондай-ақ Зебедей ұлдарының шешесі де бар болатын. Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям және Салома бар еді. Олар Иса Ғалилеяда болған кезінде Оған еріп, қызмет етіп жүретін. Сондай-ақ Онымен бірге Иерусалимге келген басқа да көптеген әйелдер сол жерде тұрды. Исаның барлық таныстары және Ғалилеядан еріп келген әйелдер алысырақ жерден осылардың бәріне қарап тұрды. Клеопа есімді біреуі Оған:— Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деді. Жексенбі күні әлі қараңғы болған кезде мағдалалық Мәриям (жартастан үңгіп жасалған) қабірге келді. Сонда ол қабірдің аузын бекіткен дәу қақпақ тастың орнынан алынып тасталғанын көрді. Мағдалалық Мәриям шәкірттерге барып, өзінің Иемізді көргенін және Оның осы айтқандарын жеткізді.
Выбор основного перевода