Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет. Таң сәріде яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан римдік әміршінің сарайына алып барды. Діни салтқа сай арамданбау үшін, яһуди дінбасылары әміршінің сарайына кірген жоқ. Әйтпесе олар Құтқарылу мейрамындағы асқа қатыса алмайтын еді. Сондықтан Пилат оларға өзі шығып:— Мына Кісіге қандай айып тағып тұрсыңдар? — деген сұрақ қойды. Олар:— Бұл қылмыскер болмаса, Оны сізге ұстап әкелмес едік, — деп жауап қайтарды. Пилат оларға:— Сендер Оны алып кетіп, өз заңдарың бойынша соттаңдар! — деді. Яһудилер:— Біреуге өлім жазасын тартқызу бізге рұқсат етілмеген, — деп жауап берді. Өзінің қалай өлуге тиісті екенін меңзеп көрсеткен Исаның сөзі осылай орындалды. Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер! Әрқайсың мемлекеттік билігі барларға мойынсұныңдар! Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан; қазіргі билікті де Құдай орнатқан.
Выбор основного перевода