Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Содан әміршінің жасақшылары Исаны ордасына алып барып, қасына бүкіл әскер бөлімін жинады. Олар Исаның сырт киімін шешіп алып, Оның үстіне бір қызыл шапанды жапты. Жасақшылар, сондай-ақ, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізіп, оң қолына асатаяқ ұстатып қойды. Исаның алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіп: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп келекеледі. Бетіне түкіріп, қолындағы таяғын жұлып алып, сонымен Оның басын ұра берді. Жасақшылар Исаны әміршінің ордасы болған сарайдың ішкі ауласына алып барып, сонда бүкіл әскер бөлімін шақырып жинап алды. Олар Исаға бір қызыл шапанды жауып, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, Оның басына кигізді. Мұнан кейін олар: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп Оған сәлем бере бастады. Исаның басын таяқпен ұрғылап, бетіне түкіріп, алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіді. Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді.
Выбор основного перевода