Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мейрамның құрметіне әміршінің халық сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін салты бар еді. Сол кезде Барабба есімді, аты шулы бір тұтқын римдіктердің түрмесінде отырған болатын. Сонымен яһудилер алаңға жиналып болған соң, Пилат:— Қайсысын босатып жіберуімді қалайсыңдар: Бараббаны ма, әлде Мәсіх деп аталған Исаны ма? — деген сұрақ қойды. Яһуди басшыларының Исаны күншілдіктен өзіне ұстап бергендігін әмірші жақсы білетін. Бірақ басты діни қызметкерлер мен рубасылар халық тобырын Пилаттан Бараббаны босатып, Исаны өлтіруді талап етуге көндірді. Әмірші қайтадан:— Осы екеуінің қайсысын өздеріңе босатып бергенімді қалайсыңдар? — деген сауал қойғанда олар:— Бараббаны! — деп айқай салды. — Ендеше Мәсіх деп аталған Исаға не істейін? — деп сұрады Пилат. Бәрі де:— Айқышқа шегеленсін! — деп айқай салды. Пилат:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деген сұрақ қойды. Халық:— Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті. Әмірші әдетте мейрамның құрметіне яһудилер сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін. Сол тұста Барабба есімді біреу өзінің сыбайлас көтерілісшілерімен бірге түрмеде отырған еді. Олар бүлік кезінде кісі өлтірген болатын. Енді халық алға қарай ұмтылып, Пилаттан әдеттегідей бір тұтқынды босатуын дауыстап сұрай бастады. Пилат оларға жауап беріп:— Сендерге «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыздар ма? — деген сұрақ қойды. Ол басты діни қызметкерлердің Исаны күншілдіктен ұстап бергендігін жақсы түсінді. Бірақ басты діни қызметкерлер халық тобырын әміршіден: «Оның орнына Бараббаны босатып беріңіз!» деп талап етуге арандатты. Пилат оларға:— Ендеше, сендер «Яһудилердің Патшасы» деп атаған Адамға не істеуімді қалайсыңдар? — деген сауал қойды. Олар қайтадан айқай салып:— Айқышқа шегеленсін! — деп жауап қатты. Пилат:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деп сұрады. Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті. Сонда Пилат халықтың көңілінен шыққысы келіп, оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды. Бірақ жиналған халық түгелдей:— Ол өлтірілсін! Орнына бізге Бараббаны босатып беріңіз! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. Барабба қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған еді. Пилат Исаны қоя бермекші болып, қайтадан даусын көтере сөйледі. Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін, айқышқа! — деп шулап кетті. Пилат оларға үшінші рет:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. Бірақ басты діни қызметкерлер мен халықтың көпшілігі бар дауыспен:— Оны айқышқа шегелетіңіз! — деп айқай салып талап ете берді.Ақырында олар айқайларымен дегендеріне жетіп, Пилат талаптары орындалсын деп шешті. Сөйтіп ол бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған адамды олардың сұрауы бойынша босатып жіберді. Ал Исаны тілектеріне сай өлімге кесіп, жасақшылардың қолына тапсырды.
Выбор основного перевода