Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Петір Исаға алыстан, бас діни қызметкердің сарайының ауласына дейін, ілесе отырып, ішке кірді. Істің немен бітетінін көру үшін сақшылардың қасына барып отырды. Петір Исаға алыстан ілесе отырып, бас діни қызметкердің сарайының ішкі ауласына дейін барды. Ол жерде Петір сақшылармен бірге отырып, отқа жылынды. Олар Исаны тұтқынға алып, бас діни қызметкердің сарайына апарды. Петір соларға алыстан ілесіп отырды. Сақшылар сарайдағы ішкі ауланың ортасына от жағып, айналдыра жайғасқанда, Петір де араларына барып отырды. Петір мен әлгі шәкірт дереу қаладан шығып, қабірге қарай беттеді. Петір артына бұрылып, Исаның жақсы көретін шәкіртінің ілесіп келе жатқанын көрді. Ол кешкі ас кезінде Исаның қасында жантайып жатып: «Мырза, Сізге опасыздық жасайтын сол адам кім?» — деп сұраған шәкірт еді. Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан күндізгі сағат үште, яғни Құдайға сиынатын мезгілде, ғибадатханаға өрлеп бара жатты.
Выбор основного перевода