Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы жалған айғақтар іздестірді. Алайда көптеген куәгерлер алға шығып, өтірік айтса да, Оған тағатын бірде-бір дәлелді айып табылмады. Ақырында екі кісі алға шығып, Исаны былай деп кінәлады: — Мынау: «Құдайдың киелі үйін бұзып, үш күнде қайта тұрғызу қолымнан келеді!» дейтін. Сонда бас діни қызметкер орнынан тұрып, Исадан:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деп сұрады. Бірақ Иса үндемеді. Сонда бас діни қызметкер Оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында ант етіп, бізге айтып бер: Сен Құдайдың рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз. Сіздерге мынаны да айтамын: Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып:— Ол Тәңірге тіл тигізді! Енді куәгерлердің қажеті қанша? Қорлық сөздерін өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады. — Жиналғандар:— Ол өлім жазасына лайық! — деп жауап қайтарды. Сонда олар Исаның бетіне түкіріп, жұдырықтады. Кейбіреулері Оның жағынан тартып-тартып жіберіп: «Әй, Мәсіх, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі. Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы айғақ іздестірді, бірақ ештеңе таба алмады. Көптеген адамдар Исаға қарсы жалған куәлік берді, алайда олары бір-біріне сай келмеді. Ақырында кейбіреулері тұрып: — Біз Бұның: «Мен қолдан жасалған мына киелі үйді бұзып, қолдан жасалмаған басқасын үш күнде қайта тұрғызамын» дегенін естідік, — деп жалған куәлік келтірді. Алайда бұл жайындағы айтқандары да өзара сәйкес келмеді. Сонда бас діни қызметкер ортаға шығып, Исаға:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деген сауал қойды. Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Иса:— Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып:— Енді куәгерлердің қажеті қанша? Ол Тәңірге тіл тигізді, мұны өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады.Жиналғандардың барлығы да Оны өлім жазасына лайық деп шешті. Бірқатары Исаға түкіре бастады. Оның бетін бүркеп, жұдырықтап: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі. Бұдан кейін сақшылар Исаны ұстап тұрып, соққылады. Исаны ұстап тұрған адамдар Оны мазақтап, соққылады. Оның бетін бүркеп, ұрып-соғып: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекелей сұрады. Оны тағы басқа көптеген жаман сөздермен де қорлады. Таң атқанда рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Жоғарғы кеңеске жиналды. Исаны кеңестің алдына әкелдіріп, Оған:— Сен Мәсіхсің бе? Бізге айтып бер! — деген сауал қойды. Иса оларға:— Мен айтсам да, бәрібір сенбейсіздер, сіздерге сұрақ қойсам да, бәрібір жауап бермейсіздер. Ал қазірден бастап Мен Билеуші ретінде Құдіретті Құдайдың оң жағында отыратын боламын! — деп жауап қайтарды. Олардың бәрі:— Сонда Сен Құдайдың рухани Ұлысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Менің Сол екенімді өздеріңіз айтып тұрсыздар, — деп жауап берді. Олар:— Бізге тағы қандай куәлік қажет? Мұны Оның өз аузынан естідік қой, — десті.
Выбор основного перевода