Пилат қайтадан сыртқа шығып, яһуди басшыларына:— Қараңдар, мен Оны сендерге әкеле жатырмын: Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, соны біліңдер! — деді.
Басты діни қызметкерлер мен олардың сақшылары Исаны көргенде:— Айқышқа шегеленсін! Айқышқа! — деп айқай салды. Пилат оларға:— Оны өздерің алып, айқышқа шегелеңдер! Себебі мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді.