Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қарашы, ежелде Құдайға адал болған қала енді өзін опасыз әйелдей ұстайды! Бұл қала әділдік пен адалдықтың ордасы болатын, ал қазір оны кісі өлтірушілер мекендейді. «Егер біреу әйелімен ажырасып, әйелі басқа біреуге тисе, оның бұрынғы әйеліне қайтадан үйленуіне болмайды ғой. Өйткені бұдан осы ел түгелдей арамданар еді. Ал сен, Яһуда халқы, көптеген ашынамен көңілдес болған әйел сияқты болып келесің. Енді Маған қайта оралмақсың ба? — дейді Жаратқан Ие. — Жан-жағыңа қарап, тақыр төбелерге назар аударшы! Солардың қайсысында жалған тәңірлерге табынып, азғындық жасамадың? Сен иен далада жолаушы торуылдаған қарақшыға ұқсап ашыналарыңды тосып жол бойында отырдың. Өзіңнің азғындығың әрі зұлымдығыңмен елді арамдадың. Жосия патшаның заманында Жаратқан Ие маған былай деді: «Тұрақсыз Солтүстік Исраилдің не істегенін көрдің бе? Ол әрбір биік төбеге шығып, әрбір саялы ағаштың түбіне барып, жалған тәңірлерге табынып азғындық жасады. Біз істеуге ант бергеніміздің бәрін міндетті түрде істей береміз: бұрын өзіміз, ата-бабаларымыз және патшаларымыз бен әміршілеріміз Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің көшелерінде істегеніміздей, бұдан былай да «Аспан патшайымына» арнап хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын құйып ұсына бермекпіз. Өйткені соны істеп жүрген кезімізде бізде тамақ мол, жағдайымыз жақсы болып, еш жамандық көрмеген едік. Ал «Аспан патшайымына» хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартулар ұсынуды қойғаннан бері біз жоқшылық көріп, семсер мен аштықтан қырылудамыз. Мақалдап сөйлейтіндер енді: «Шешесіне қарап қызын таны» деген мақалды сен туралы айтатын болады.
Выбор основного перевода