Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Өздеріңе айтқандарымның бәрін де орындаңдар!Басқа тәңірлерге сиынбаңдар, олардың аттары ауыздарыңнан еш шықпасын! Олардың құрбандық үстелдерін қиратып, тас мүсіндерін сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын өртеп жіберіңдер! Сол халықтар табынып келген жалған тәңірлерінің мүсіндерін де бөлшектеп, жалған тәңірлердің аттарын сол орындардан есте қалмастай етіп өшіріңдер! Демек, араларыңда қалып қойған халықтармен араласып кетпеңдер! Олардың табынатын жалған тәңірлерінің аттарын ауыздарыңа да алмаңдар, солардың аттарымен ант та етпеңдер! Сол жалған тәңірлерге ешқандай ғибадат етіп, иіліп табынбаңдар да! Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:Қасіретке молынан ұшырамақ олар.Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,Олардың аттарын аузыма еш алмаймын. Оның Бағалдың мүсіндеріне арнап хош иісті зат түтеткен, сырғалары мен алқаларын тағып жасанып, ашыналарына ерген, ал Өзімді ұмытқан күндеріне бола енді осы халыққа назар аударып, оны жазалаймын». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. «Яһуда мен Иерусалимнің күллі тұрғындарына қарсы қолымды созып, оларды жазалаймын. Бұл жерден Бағалға табынушылықты із-түзсіз құртып, абыздардың және Өзімнен бас тартқан діни қызметкерлердің есімдерін жоямын. Әлемнің Иесі тағы мынаны жариялайды: «Сол күні Мен елдегі жалған тәңір аттарын өшіремін. Оларды енді қайтып ешкім есіне алмайтын болады. Мен, сондай-ақ, елден жалған пайғамбарларды да, арамдықтың рухын да аластатамын.
Выбор основного перевода