Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сендер Мені «шешелерің» Иерусалимді қуып жіберді дейсіңдер. Ендеше соны дәлелдейтін куәлік қағазы қайда? Мені біреуге берешек болып, соны өтеу үшін өздеріңді құлдыққа сатып жіберді деп те айыптайсыңдар. Жоқ, олай емес, сендер өздерің жасаған күнәларың үшін құлдыққа түстіңдер! «Шешелерің» де сендердің жасаған зұлым істеріңе бола қуылды! Әлемнің Иесі оларға батасын беріп: «Мен өз халқым Мысырды өз қолымнан шыққан Ассурды және меншікті халқым Исраилді де жарылқай беремін!» — дейді. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. Гомер қайтадан жүкті болып, қыз туды. Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Оның есімін Рақым-көрмеген» деп қой! Себебі бұдан былай Мен Солтүстік Исраилге рақым көрсетіп, оны кешіруімді доғарамын! Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!» Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!»
Выбор основного перевода