Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Мен өздеріңнен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын, құрбандықтардың етін өртеп ұсынғандарыңнан гөрі Мені, Құдайды, жақыннан танып сүйгендеріңді ұнатамын. Бірақ Мен сендерді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Өзімнен басқа ештеңені Құдай деп танымаңдар! Менен өзге ешбір құтқарушы жоқ. Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану.
Выбор основного перевода