Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Себебі Жасаған Ие арамалық жасаққа атты әскері, соғыс күймелері бар, оларға шабуылдап аттанып, қарсы келе жатқан бір қалың қолдың қатты гүрілін естірткен болатын. Сонда арамалықтар сасқалақтап: «Ойбай, Исраил патшасы бізге қарсы хеттік патшалар мен Мысыр патшасының әскерлерін жалдап алған екен!» — деп өзара айқайласты. Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр. Содан Ошия Диблаим қызы Гомерді әйелдікке алды. Ол жүкті болып, Ошияға бір ұл туып берді. Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!» Оның жеңіл жүрістен туған балаларына да рақым көрсетпеймін. Бір кезде біртұтас халық емес едіңдер, ал қазір Құдайдың халқысыңдар. Бір кезде Оның қайырымдылығын білмеген едіңдер, ал қазір қайырымына бөлендіңдер.
Выбор основного перевода