Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Самария қаласында Ахабтан тараған тағы жетпіс ұрпағы тұрып жатты. Сол себепті Еху хат жазып, оны Самарияға, Ізрел қаласының басшылары мен беделді ақсақалдарына және Ахабтың ұрпақтарының қамқоршыларына жіберді. Хаттың мазмұны мынау болды: «Сіздерде патшаның ұлдары, соғыс күймелері, аттар, бекітілген қала, қару-жарақ бар. Ендеше осы хат сіздерге жете салысымен патшаның ұлдарының ішіндегі ең жақсы да, лайықты дегенін таңдап алып, оны әкесінің тағына отырғызып, патша етіп тағайындаңыздар! Содан кейін патшаларыңыздың әулетін қорғап шайқасыңыздар!» Бірақ сол адамдар қатты үрейленіп: «Ехуге екі бірдей патша төтеп бере алмағанда, бізде оған төтеп беретін қандай қауқар бар?» — десті. Сол себепті патша сарайының басқарушысы, қаланың әкімі, беделді ақсақалдар және қала басшылары барлығы бірге Ехуге: «Біз сіздің құлдарыңызбыз, бізге не бұйырсаңыз, соны орындаймыз. Ешкімді патша етіп қоймаймыз. Нені дұрыс деп тапқаныңызды істей беріңіз!» деген хат жіберді. Еху оларға екінші хатын жазып, онда былай деді: «Егер сендер маған бағынатын болсаңдар, онда ертең осы уақытта маған Ізрелге Ахабтың ұлдарының бастарын алып келіңдер!»Ал Ахабтың ұлдары, барлығы жетпіс адам, сол қаланың беделді адамдарының жанында әрі солардың қамқорлығында болатын. Хат оларға жеткенде, қаланың басшылары Ахабтың жетпіс ұлының бәрін де өлтіріп, бастарын себеттерге салып, Ізрелдегі Ехуге жіберді. Хабаршы келіп, Ехуге: «Патшаның ұрпақтарының бастарын алып келген адамдар жетті!» — дегенде, ол: «Қақпаның алдында оларды екі төбешік қылып үйіп, таң атқанша қалдыра тұрыңдар!» — деп бұйырды. Келесі күні таңертең Еху халықтың алдына шығып, былай деді:— Бұрынғы патшаға қарсы қастандық ұйымдастырып, оны өлтірген менмін. Сендердің жазықтарың жоқ. Бірақ мыналардың барлығын өлтірген кім болды екен? Сондықтан Жаратқан Иенің Ахабтың әулеті туралы алдын ала айтқан сөздерінің ешқайсысының орындалмай қалмайтынын біліп қойыңдар! Себебі Жаратқан Ие Өзінің қызметшісі Ілияс арқылы айтқандарын қазір жүзеге асырып отыр! Мұнан кейін Еху Ахабтың әулетіне жататын Ізрелдегі барлық адамдарды өлтірді. Солармен бірге Еху Ахабтың күллі нөкерлерін, дос-жарандары мен діни қызметкерлерін де өлімге бұйырды. Осылай Ахабпен байланысы болған бірде-бір тірі жан қалмады. Содан соң Еху Ізрелден Самария қаласына аттанды. Жолшыбай кетіп бара жатып, ол «Шопандар қосы» атты жерге жетіп, сонда аялдады. Сол жерде Еху Яһуда елінің патшасы Охозияхтың біраз туыстарын кездестірді. Олардан:— Сіздер кімсіздер? — деп сұрағанда, олар:— Біз Охозияхтың туыстарымыз. (Ахаб) патша мен (Езабел) патшайымның әулетінің хал-жағдайын біліп қайтуға бара жатырмыз! — деді. Сонда Еху өзінің жасақшыларына:— Мыналарды тірідей ұстап алыңдар! — деп әмір етті. Жасақшылар оларды ұстап алды да, қырық екі адамның барлығын бірде-біреуін тірі қалдырмай сол «Шопандар қосындағы» құдықтың маңында өлтіріп тастады. Яһуда еліне Ұзиях патшалық құрған отыз сегізінші жылы Еробоғам ұлы Зәкәриях Самария қаласында Солтүстік Исраилдің үстінен патша болды. Ол алты ай билік жүргізді. Зәкәриях өзінің ата-бабалары сияқты Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, ежелде Набат ұлы Еробоғамның Солтүстік Исраилдің халқын азғырған күнәларынан бас тартпады. Ябес ұлы Шаллум Зәкәрияхқа қарсы астыртын сөз байласып, оны халықтың көз алдында өлтіріп, оның орнына өзі патша болып алды. Зәкәрияхтың қалған іс-әрекеттері туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Сонымен Жаратқан Иенің Ехуге айтқан мына сөзі жүзеге асқан еді: «Өзіңнен кейінгі төрт ұрпағың (Солтүстік) Исраилде патшалық құратын болады!» Бұдан Жаратқан Ие исраилдіктерге қатты қаһарланып, оларды Өзінің қасынан аластатты. Тек Яһуда руынан басқа ешкім елде қалмады. Жер бидай, жүзім бұтасы және зәйтүн ағаштарына жауап береді де, шөлдерін қандырады, ал олар «Ізрел!» («Құдай сеуіп отырғызады») деп жауап береді. Ысқақтың үрім-бұтағының биіктеу жерлердегі табыну орындары қаңырап бос қалады, Исраил елінің киелі табыну орындары ойрандалады! Сонда Мен семсермен Еробоғам патшаның әулетіне қарсы шығамын!
Выбор основного перевода