Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Басқа халықтарға арнап туын көтергендей белгі беріп, Солтүстік Исраил мен Яһуда патшалықтарының жер аударылып, шашыраған халқын дүниенің төрт бұрышынан жинап, қайтарып әкелмек. Сол заман туғанда Яһуда халқы Солтүстік Исраил халқына қосылып, екеуі (жер аударылған) солтүстіктегі елдерден Мен өздерінің ата-бабаларына мұралық меншікке берген елге қайтып келеді. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ. Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. «Пендем, бір ағаш тақтайша ал да, оған: «Яһудаға және онымен одақтасқан исраилдіктерге» деп ойып жаз! Сосын тағы бір тақтайша алып, оған: «Жүсіпке, яғни Ефремге, және онымен одақтасқан Исраил халқының бәріне» деп ойып жаз. Содан соң екі тақтайшаны алып, оларды бір-біріне қосып, қолыңда біртұтас етіп ұста. Елдестерің сенен: «Бұнымен не айтпақсың?» деп сұрағанда, оларға былай деп жауап бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Ефрем руының және онымен одақтасқан Исраилдің өзге руларының қолдарындағы Жүсіптің тақтайшасын аламын да, оны Яһуданың тақтайшасымен қосып, біртұтас етпекпін. Сонда олар қолымдағы біртұтас тақтайша іспетті болады. Өзің жазу жазған сол тақтайшаларды елдестеріңнің көзінше ұстап тұрып, былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен бөтен халықтардың арасына тарап кеткен Исраил халқын солардың ішінен алып шығып, жан-жақтан жинаймын да, өз елдеріне қайтарып әкелемін. Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында, бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді. Халық енді қайтып өздерін жалған тәңірлерінің мүсіндерімен, басқа да жиренішті нәрселерімен және бас көтеріп жасаған өзге күнәларымен арамдамайды. Мен оларды Өзімнен бас тартып, опасыздықпен жасаған күнәларынан арылтып тазартамын. Осылай олар тағы да Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Менің қызметшім Дәуіт оларға патшалық құрады. Осылайша барлығының бағушысы біреу болады. Халқым Менің шешімдеріме сәйкес әрекет етіп, ережелерімді сақтап, іске асыратын болады. Содан соң исраилдіктер қайта оралып, өз Құдайлары Жаратқан Иеге және өз патшалары — Дәуіттің ұрпағына бет бұрып мойынсұнатын болады. Олар сол кейінгі заманда Жаратқан Иені дірілдеп терең қастерлеп алдына келіп, Оның өздеріне сыйлайтын игіліктерін қабылдайтын болады. «Мен Яһуда халқын күшейтіп, Жүсіптің үрім-бұтағын да құтқарамын. Мен оларға мейірбандық танытып оларды елге қайтарып алып келемін. Сонда олар Мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады. Мен олардың Құдайы Жаратқан Иемін ғой, Мен оларға құлақ саламын.
Выбор основного перевода