Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,Кімнен мен қорқамын солай болғанда?Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,Кімнен үрейленемін солай болғанда? Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды,Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды. Турашыл жанға түнекте таң атады,Ол рақымды, мейірбан, әділ болады, Жығылса жауың соған қуанба,Сүрінсе мәз болып табалама! Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,Түнек басқан жерде тұратын елгеТаңның шапағы сәулесін төгуде! Ей, бабылдықтар, сендер Менің меншікті халқымды талан-таражға салдыңдар. Соған мәз болып, астық бастырып, бидайға тойып алған қашардай секіректеп, айғырдай кісінеп жатырсыңдар. Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба?Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да,Мас адамдай абыройыңды ашасың да!
Выбор основного перевода