Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». — Уа, Ием, егер Сен маған риза болсаң, онда Өзің арамызда жүріп жар бола гөр. Бұл — тоңмойын қыңыр халық. Әйтсе де, жасаған әділетсіз істеріміз бен күллі күнәларымызды кешіріп, бізді Өзіңнің меншікті халқың ретінде қабылдай гөр, — деп өтінді. Ол бізді ұдайы айыптамайды,Мәңгі бақи кек те сақтамайды, Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! «Сені біраз уақытқа тастап кетіп едім, бірақ зор сүйіспеншілікпен Өзіме қайтарып алып келемін. Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын. Мен оларға шаттана жақсылық жасап, оларды осы елде шын жүректен, бүкіл жан дүниеммен қайтадан берік орналастырамын. Оларды Менің алдымда жасаған күнәларының бәрінен тазартып, солардың Маған қарсы бас көтергенде жасаған әділетсіз істерінің барлығын кешіремін. Түгелдей құрып кетпегеніміз біздіңБерік рақымынан Жаратқан Иенің,Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, Барлық пайғамбарлар Иса туралы: «Оған сенген әркімнің күнәлары Оның арқасында кешіріледі» дегенге алдын ала куәлік келтірген.
Выбор основного перевода