Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің». Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты. Егер осы шешімдерге құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Құдайларың Жаратқан Ие ата-бабаларыңмен жасаған Келісімін сақтап, сендерге рақымын төгетін болады. Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін, Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,Исраил үшін тұрақты Келісім етті. Ежелгі ата-бабаларымызға,Ыбырайым мен оның ұрпақтарына,Құдай осылай айтқан болатын да. Құдай арғы ата-бабаларымызғаОсылай шапағатын танытады,Олармен жасаған Өзінің қасиеттіКелісімін енді есіне алады, Түп атамыз Ыбырайымға ӨзіБерген антын есіне түсіреді. Мысалы, Құдай Ыбырайымға уәде берді. Өзінен жоғары ешкім тұрмағандықтан, Құдай Өзінің атымен ант етіп былай деді: «Саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, сенің ұрпақтарыңды сансыз көбейтемін».
Выбор основного перевода