Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7
Параллельные места
Тасадағы арыстандай тосады тығылып,Бейшара жарлыны ұстауға жатады аңдып,Байғұсқа бас салып, түсіреді торына тартып. Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды! (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды,Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды,Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды. Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да. Әлемнің Иесінің лаулаған қаһарынан жер өртеніп, халық отқа жем болады. Сонда адамдар жақындарын да аямай, әркім өз қара басын ғана қорғайды. Әділ жандар жойылады, бірақ ешкім бұған көңіл бөлмейді, мәнін де түсінбейді: мейірімді, шыншыл адамдар бұ дүниеден әкетілгенде жамандық атаулыдан құтылып, Аяқтары жамандыққа алып ұшып, жазықсыз қан төгуге асығады. Олардың ой-ниеттері арам, жүрген жерлерін қиратып, күл-талқандарын шығарады. Менің халқымның арасында құсқа тұзақ құрғандай адамдарды аңдып жататын залымдар бар. Олар тор құрып, адамдарды қолға түсіреді. «Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер.
Выбор основного перевода