Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұқаның шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін әрі қос бүйрегін майларымен бірге алып, құрбандық үстелінің үстінде өртеп жібер. Діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалынған жас бұқаның бар майын: бүкіл ішмайы мен шарбы майын, қос бүйректегі майды жамбас майымен бірге және бауырдың үстіндегі көк етті бүйректермен бірге бөліп алып қойсын. Оның Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа шалынған мүйізді ірі қараның майларын бөлек алып қоятынындай, осы майларды да бөлек алып қоюы қажет. Діни қызметкер оларды құрбандық үстелінің үстінде өртеп жіберсін.
Выбор основного перевода