Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Арнайы майды алып, оның басына құйып жақ. Һарон мен ұлдарына да май жағу рәсімін орындап, оларды Менің қызметіме бағыштап, Өзімнің діни қызметкерлерім етіп тағайында. Бас діни қызметкер — діни қызметкерлердің арасынан таңдалып, май жағу рәсімі орындалып, арнайы киімді киюге тағайындалған адам. Сондықтан оған (аза тұтып не жалаң бас жүріп) шашын жайып жіберуге не көйлегінің өңірін айыра жыртуға болмайды. Бас діни қызметкерге өлген адамның мәйітіне жақындауға болмайды. Тіпті өз әкесі не шешесі қайтыс болғанда да, оның арамданбауы үшін солардың мәйітіне жақындауына болмайды. Бас діни қызметкердің (қабір басына бару үшін) Құдайдың киелі орнын тастап кетіп, оны арамдауына болмайды. Ол арнайы май жағу рәсімі арқылы Құдай Иесіне қызмет етуге тағайындалған. Мен Жаратқан Иемін. Киелі орнына қарай қол жайыпИемізді мадақтай беріңдер!»
Выбор основного перевода