Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы қоспаны кездесу шатыры мен Келісім сандығына, үстел мен оған қатысты ыдыстарға, шам қойғыш пен оған қажетті бұйымдарға, түтету үстеліне, құрбандық өртелетін үстел мен оның құрал-саймандарына және жуынатын қазан мен тұғырына май жағу рәсімін жасағанда қолдан. Солай етіп осы аталғандарды Маған түгелдей бағышта, олар ерекше киелі болады. Соларға жанасқан әр нәрсе және әрбір адам да Маған бағышталып, меншігіме айналады. «Менің алдыма Һаронды және оның ұлдарын, сондай-ақ, арнайы киімдерін, май жағу рәсіміне арналған майды әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір жас бұқаны, екі қошқарды және ашымаған нан салынған себетті алып кел.
Выбор основного перевода