Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін бұқаны кездесу шатырының кіреберісінің жанында, Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалып, оның біразырақ қанын саусағыңмен құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, қалған қанның бәрін үстелдің түбіне төк. Бұдан кейін діни қызметкер кездесу шатырында Жаратқан Иенің алдында тұрған хош иісті заттарды түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына біраз қанды жақсын. Ал қалған қанды кездесу шатырының кіреберісінің қасындағы шалынған құрбандықтар өртелетін үстелдің түбіне төксін. Жас бұқаны құрбандыққа шалған соң, оның біраз қанын алып, құрбандық үстелінің төрт мүйізіне, жоғарғы сатының төрт бұрышына және оның қасындағы бүкіл ернеуіне жағу керек. Осылайша құрбандық үстеліне күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалады. Сөйтіп жеті күн бойы құрбандық үстелін тазартып, оған күнәнің арамдығынан тазарту рәсімін жасау керек. Құрбандық үстелі осылайша Жаратқан Иеге бағышталып, қасиетті болады. Таурат заңы бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады. Қан төгілмей, Құдай күнәні кешірмейді.
Выбор основного перевода