Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкер ішмайды құрбандық үстелінде өртесін, ал төс Һарон мен оның ұлдарына тиесілі болады. Жаратқан Иемен қарым-қатынасыңа ризашылығыңды білдіретін құрбандығың ретінде шалынған малыңның оң жақ сан етін діни қызметкерге көтеріп ұсынылатын тарту ретінде бер. Осы оң жақ сан еті құрбандықтың қанын бүркіп, майын өртеп ұсынған діни қызметкердің сыбағасы болып табылады. Мен исраилдіктердің Өзіммен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан малдардың әрі-бері тербеп ұсынылған төсін және көтеріп ұсынылған сан етін діни қызметкер Һаронға және оның ұқпақтарына мәңгілік сыбаға етіп тағайындадым. Жаратқан Ие оны мақұлдап қабылдау үшін діни қызметкер сол бауды Оның алдында демалыс күнінен кейінгі күні әрі-бері тербеп ұсынсын. Халықтың Маған, Жаратқан Иеге, ұсынатын алғашқы өнімдерін: зәйтүн майының, жүзім шырыны мен астығының таңдаулы үлестерін Мен саған бердім. Сендер жаңа жиналған астықтың, жаңа сығылған жүзім шырыны мен зәйтүн майының және қой-ешкіден қырқылған жүннің алғашқы бөлігін алып, оларға берулерің керек.
Выбор основного перевода