Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! Ашытқы мен балды жыл сайын өнімдеріңнің алғашқы бөлігінің арасында Жаратқан Иеге тарту етулеріңе болады. Бірақ соларды құрбандық үстелінде Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды тарту ретінде өртеуге болмайды. Сол адам осы нандарымен және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандығымен қоса ашытқымен пісірілген нандарды да тарту етсін. Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерді алып бара жатқан елге жеткен соң, елдің өнімін жейтін боласыңдар. Сонда Жаратқан Иеге бағышталған тарту ретінде өнімнің арнайы бөлігін ұсыныңдар. Қырманның алғашқы өнімінің тартуы ретінде диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген дөңгелек нанды әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар.
Выбор основного перевода