Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер алғашқы өнімдеріңнен Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынсаң, ол жаңа піскен масақтардан алынып, отта кептіріліп, түйіліп жармаланған дәндерден болсын. Оған зәйтүн майын құйып, үстіне хош иісті шайыр қой. Бұл — астық тартуының келесі бір түрі. Діни қызметкер осы зәйтүн майы құйылып, жармаланған дәндердің естелік бөлігін және хош иісті шайырдың бәрін алып, Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған тарту ретінде түтетіп өртеп жіберсін.
Выбор основного перевода