Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Бидайдың алғашқы өнімін жинарда Жеті апта мейрамын, ал жылдың аяғында Сабантой мейрамын мерекелеңдер! Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! «Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерге табыстағалы тұрған елге еніп, қоныстанатын боласың. — Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерді алып бара жатқан елге жеткен соң, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге мұралық меншікке табыстап отырған елге еніп, оны иемденіп, қоныстанғаннан кейін, әрқайсың сол елдің жерінен жинаған өнімдеріңнің біразын себетке салыңдар. Осы сый-тартуларыңды Құдай Ие өз есімінің (жер бетіндегі) тұрағы болуға таңдап алған орынға апарыңдар! Сол кезде қызмет етіп жүрген діни қызметкерге былай деңдер: «Жаратқан Иенің ата-бабаларымызға бізге беруге антпен уәде еткен еліне келдім. Соны бүгін Құдай Иеңіздің алдында мойындаймын». —
Выбор основного перевода