Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса Һаронға былай деді: «Құрбандық үстеліне жақындап кел де, күнәнің құнын өтейтін құрбандықты және шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты ұсынып өзіңді және халықты күнәларыңның арамдығынан тазарт. Мұнан кейін халықтың құрбандықтарын да шалып, оларды күнәларының арамдығынан тазарт. Жаратқан Иенің бұйырғанындай істе». Сол себептен ол халық үшін де, өзі үшін де күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар шалуға міндетті. Иса бұрынғы бас діни қызметкерлер сияқты күнде алдымен өз күнәларының құнын өтеу үшін, сонан соң халықтың күнәлары үшін құрбандық шалуға тиісті емес. Ол айқышта өлгенде Өзін біржола құрбан етіп күнәлардың құнын өтеді. Таурат заңы бойынша пенделік кемшіліктері бар адамдар бас діни қызметке тағайындалады. Ал сол заңнан кейін Құдайдың өз антымен бекітілген сөзі бас діни қызметке Өзінің рухани Ұлын тағайындады. Ол мәңгілік еш кемшіліксіз кемелді болады. Ал екінші, ең қасиетті бөлмесіне тек бас діни қызметкерге ғана жылына бір-ақ рет енуге болады. Сол кезде ол өзінің және халықтың білмей жасаған күнәларының құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын ала кіруге тиісті.
Выбор основного перевода