Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. Тәндерін белінен тізесіне дейін жабу үшін бәтес шалбар дайындат. Һарон мен оның ұлдары киелі орында қызмет ету үшін кездесу шатырына кіріп не құрбандық үстеліне жақындап барған сайын осындай киімдерді киіп жүруге тиіс. Олай етпесе, олар кінәлі болып, өлім құшады.Бұл — Һаронға және оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. Содан ол Һарон мен оның ұлдарын алға шығарып, оларды сумен жуып тазару рәсімінен өткізді. Мұса Һаронға арнайы ұзын көйлегін кигізіп, жалпақ белбеуін тақты да, сырт көйлегі мен жеңсіз сырт киімін кигізді. Мұнан кейін ол жеңсіз сырт киімді кестеленіп тоқылған белбеумен буды. Ол киелі орында бүкіл денесін сумен жуып, өзге арнайы киімдерін киіп, шықсын. Мұнан кейін өзінің және бүкіл халықтың әкелген құрбандықтарын шалып, (құрбандық үстелінде) түгелдей өртеп ұсынсын. Осы арқылы Һарон өзін және бүкіл халықты арамданған күйлерінен тазартсын.
Выбор основного перевода