Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адам жас бұқаны Жаратқан Иенің алдында шалсын. Һаронның ұлдары — діни қызметкерлер құрбандықтың қанын алып келіп, одан кездесу шатырының кіреберісінің алдында тұрған құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. Бұдан кейін діни қызметкер кездесу шатырында Жаратқан Иенің алдында тұрған түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына біраз қанды жақсын. Ал қалған қанды кездесу шатырының кіреберісінің қасындағы құрбандық үстелінің түбіне төксін. Басшы текенің басына қолын қойсын. Оны түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын жерде Жаратқан Иенің алдында шалсын. Бұл — күнәнің құнын өтейтін құрбандық. Діни қызметкер саусағын күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанына малып алып, оны құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жақсын. Қанның қалған бөлігін құрбандық үстелінің түбіне төксін. Жас бұқаны құрбандыққа шалған соң, оның біраз қанын алып, құрбандық үстелінің төрт мүйізіне, жоғарғы сатының төрт бұрышына және оның қасындағы бүкіл ернеуіне жағу керек. Осылайша құрбандық үстеліне күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалады. Екінші күні еш мінсіз бір теке күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалынсын. Құрбандық үстеліне жас бұқаның қанымен істелінгендей, енді текенің қанымен де сондай тазарту рәсімі жасалсын.
Выбор основного перевода