Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тағайындалған діни қызметкер оның қанынан біраз алып, кездесу шатырының ішіне апарсын. Сонда ол саусағын қанға малып алып, оны Жаратқан Иенің алдында, ең қасиетті бөлмені бөліп тұрған шымылдықтың алдында жерге жеті рет бүркіп шашсын. Сонда ол саусағын қанға малып алып, оны Жаратқан Иенің алдында, (ең қасиетті бөлмені бөліп тұрған) шымылдықтың алдында жерге жеті рет бүркіп шашсын. Сондықтан Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Ал екінші, ең қасиетті бөлмесіне тек бас діни қызметкерге ғана жылына бір-ақ рет енуге болады. Сол кезде ол өзінің және халықтың білмей жасаған күнәларының құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын ала кіруге тиісті. Таураттың ережелеріне сай арам деп есептелген адамдарға құрбандыққа шалынған қошқардың не бұзаудың қаны, немесе шалынып, өртелген жас сиырдың күлі бүркіліп себілетін. Сол арқылы олар сырттай тазартылатын. Көне Келісімге сай бас діни қызметкер шалынған құрбандықтың қанын киелі үйдің ең қасиетті бөліміне жылма-жыл алып кіреді. Ал көкке енген Мәсіхке өз жанын қайта-қайта құрбан етудің қажеті жоқ.
Выбор основного перевода