Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін діни қызметкер айыпты өтейтін құрбандықтың біраз қанын алып, тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағына және оң аяғының үлкен башпайына жақсын. Діни қызметкер зәйтүн майы құйылған шағын құмырадан біраз майды өзінің сол жақ алақанына құйып, оң қолының бір саусағын соған малып алсын да, оны Жаратқан Иенің алдында жеті рет бүріксін. Діни қызметкер алақанында қалған майынан тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның оң құлағының сырғалығына, оң қолының бас бармағы мен оң аяғының үлкен башпайына жағылған қанның үстіне жақсын. Алақанындағы майдың қалған бөлігін діни қызметкер тазару рәсімінен өтіп жатқан адамның басына жақсын. Осылайша ол Жаратқан Иенің алдында адамды арамданған күйінен тазартады.
Выбор основного перевода