Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұның бәрін Һарон мен ұлдарының қолдарына беріп, әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Немесе біреу кез келген арам нәрсемен: арам аңның не арам малдың өлігімен не құжынаған арам мақұлықтардың өлігімен жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, ол бәрібір арамданып, айыпты болады. Адам құрбандықтарын діни қызметкерге алып келсін. Діни қызметкер алдымен күнәнің құнын өтейтін құрбандықты ұсынып, құстың мойнын үзсін. Бірақ басын денесінен толығымен жұлып алмасын. Адам діни қызметкерге айыбын өтейтін құрбандыққа отардан бір қошқар алып келсін. Қошқар еш мінсіз болып, құны киелі үйде қолданылатын ресми өлшем бойынша белгіленген күміс бағасына сәйкес келсін. Осылайша діни қызметкер адамды абайсызда жасаған күнәсінің арамдығынан тазартып, адам Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады. Адам өзінің айыбын өтейтін құрбандығын діни қызметкерге алып келіп, оны Жаратқан Иеге ұсынсын. Құрбандығы еш мінсіз, құны белгілі мөлшерге сәйкес қошқар болсын. Осылайша діни қызметкер Жаратқан Иенің алдында адамды жасаған күнәсінің арамдығынан тазартып, адам өзін айыпты қылған осы істерінің бәрі үшін Жаратқан Иенің кешіріміне ие болады.
Выбор основного перевода