Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер айыбының өтеміне қой-ешкі шалуға адамның жағдайы көтермесе, онда екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді Жаратқан Иеге алып келсін. Олардың біреуі күнәнің құнын өтейтін, екіншісі шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарға арналады. Ал егер адамның екі орман кептерін немесе екі көгершінді әкелуге де жағдайы көтермесе, онда ол жасаған күнәсінің құнын өтейтін тарту ретінде пұттың оннан біріндей мөлшерде таңдаулы бидай ұнын алып келсін. Ол ұнына не зәйтүн майын, не хош иісті шайыр қоспауы керек, себебі бұл — күнәнің құнын өтейтін тарту. Ал егер тоқты алып келуге әйелдің жағдайы көтермесе, біреуін — түгелдей өртелетін, екіншісін — күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа арнап екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді алып келсін. Сонда діни қызметкер әйелді күнәсінің арамдығынан тазартып, сол әйел таза болып саналады. Діни қызметкер еркек тоқтылардың бірін айыпты өтейтін құрбандық ретінде шалсын. Бір шағын құмыра зәйтүн майын да алып, бәрін Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынсын.
Выбор основного перевода