Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда алапеспен ауырған біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп:— Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. Иса оған:— Байқа, бұл туралы ешкімге тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді. Бірде алапеспен ауырған бір кісі Исаның қасына келді. Сол адам тізе бүгіп тағзым етіп Исадан:— Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. «Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады». Иса сол маңайдағы қалалардың бірінде болғанда, үсті-басын алапес қаптаған бір адам келе жатты. Ол Исаны көргенде аяғына жығылып:— Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп жалбарынды. Иса оған мынадай бұйрық берді:— Бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін тазаруың үшін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді. Иса оларға назар аударып:— Діни қызметкерлерге барып, қаралыңдар! — деді. Олар сол жаққа бара жатқанда-ақ алапестен құлантаза сауығып кетті.
Выбор основного перевода