Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осындай жұқпалы аурумен ауырған адам көйлегінің өңірін айыра жыртып, шашын жинамай жайып жіберіп, бетінің төменгі бөлігін жауып алып, «Таза емеспін! Арамданғанмын!» деп айқайлап жүретін болсын. Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Діни қызметті атқаратын Һаронның ұлдарына мынаны айт: Діни қызметкер халқының арасынан қайтыс болған ешкімнің мәйітіне жанасып, өзін арамдамасын. Бас діни қызметкер — діни қызметкерлердің арасынан таңдалып, май жағу рәсімі орындалып, арнайы киімді киюге тағайындалған адам. Сондықтан оған (аза тұтып не жалаң бас жүріп) шашын жайып жіберуге не көйлегінің өңірін айыра жыртуға болмайды. Осыны естіген Мұса мен Һарон жерге етпеттерінен жата кетіп:— Уа, Құдай, демі бар күллі тірі жанның Құдайы! Бір адамның жасаған күнәсі үшін бүкіл қауымға қаһарланбақсың ба? — деп жалбарынды. Мұса Һаронға: «Бір табаны ал да, оған түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғын сал, ал оның үстіне хош иісті зат сал. Тезірек жамағатқа жүгіріп бар да, оларға күнәнің арамдығынан тазартатын рәсімді орында! Өйткені Жаратқан Ие қаһарланып отыр, халық арасында індет жайыла бастады», — деп тапсырды. Ал сендер бүгін Жаратқан Иеден бас тартып жатырсыңдар! Егер сендер бүгін Жаратқан Иеге қарсы бас көтерсеңдер, Ол ертең-ақ Исраил халқының бүкіл қауымына қаһарланады. Егер де иемденген жерлерің арам болса, онда Жаратқан Иенің меншікті жеріне, Оның жер бетіндегі тұрағы (киелі шатыр) орналасқан Қанаханға көшіп келіп, арамыздан үлестеріңді алыңдар! Тек Құдайымыз Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстеліне қосып тағы бір құрбандық үстелін салып алып Жаратқан Иеге және бізге қарсы бас көтермеңдер! Зарахтың шөбересі Ахан Жаратқан Иеге бағышталған заттардан алып опасыздық жасап, соның кесірінен Жаратқан Ие Исраилдің бүкіл қауымына қаһарланған жоқ па еді? Осы үшін өлген Аханның жалғыз өзі ғана емес қой. «Ей, пендем, біліп қой, Мен көзіңнің қуанышын өзіңнен бір соққымен-ақ алып қойғалы тұрмын. Алайда оны жоқтап жылап, көз жасыңды төгуіңе болмайды. Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!»
Выбор основного перевода