Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, құрбандық үстеліндегі түгелдей өртелетін құрбандықтар мен майлы бөліктерді жалмап қойды. Осыны көргенде бүкіл халық қуаныштан айқайлап, етпеттерімен жерге құлап, тағзым етті. Алайда Надаб пен Әбиһу Синай атты елсіз далада Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғандары үшін өлім құшқан болатын. Олардың арттарында бала да қалмаған еді. Сондықтан жалғыз Елазар мен Ітамар ғана әкелері Һаронның қасында діни қызмет атқаратын болды. Ал Жаратқан Ие от жіберіп, өз беттерімен хош иісті заттарды түтетіп жатқан екі жүз елу адамды өртеп жіберді. Надаб пен Әбиһу Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғанда өлімге ұшыраған болатын.
Выбор основного перевода