Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл Исраил үрім-бұтағының арасынан Менің діни қызметкерлерім болу үшін ағаң Һаронды ұлдары Надаб, Әбиһу, Елазар, Ітамармен бірге қасыңа шақырып алдырт. Осы үстелдің үстінде басқа ешқандай тарту: не (Тәңір Иеге бағышталмаған) бөтен хош иісті зат, не шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық, не астық тартуын ұсынбаңдар, сұйық тартулар да оның үстіне құймаңдар! Бұдан кейін Һарон Жаратқан Иенің алдындағы түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғына толы табаны және майда етіп тартылған екі уыс хош иісті затты алып, солармен ішкі шымылдықтың арғы жағына өтіп барсын. Һаронның өзі май жағу рәсімін орындап, Жаратқан Иеге арналған діни қызметке тағайындаған ұлдарының есімдері — осылар. Алайда Надаб пен Әбиһу Синай атты елсіз далада Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғандары үшін өлім құшқан болатын. Олардың арттарында бала да қалмаған еді. Сондықтан жалғыз Елазар мен Ітамар ғана әкелері Һаронның қасында діни қызмет атқаратын болды. Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды.
Выбор основного перевода