Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Астық тартуы жайындағы нұсқаулар мынадай: Һаронның ұлдары оны құрбандық үстелінің алдына Жаратқан Иеге арнап алып келсін. Діни қызметкер таңдаулы бидай ұнынан бір уыс, аздап зәйтүн майынан және астық тартуының үстіндегі барлық хош иісті шайырды алып, астық тартуының осы естелік бөлігін Жаратқан Иеге ұнамды, хош иісті тарту ретінде құрбандық үстелінде өртесін. Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. Осы нанды ешқашан ашытқымен пісіруге болмайды. Мен (Жаратқан Ие) оны Өзіме арнап өртелу арқылы ұсынылатын тартулардан олардың үлестері ретінде діни қызметкерлерге беремін. Күнәнің құнын өтейтін және айыпты өтейтін құрбандықтар сияқты бұл тарту да ерекше киелі. Һаронның барлық еркек кіндікті ұрпақтарының одан жеулеріне болады. Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылатын тартулардың барлығынан оларға әрдайым бұйырылған үлес осы болмақ. Онымен жанасқан әр нәрсе де Жаратқан Иеге бағышталып киелі болады. Алайда оған Құдайға бағышталған киелі және ерекше киелі тамақтардан жеуіне болады. (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар.
Выбор основного перевода