Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. Әр рудан бір-бір мыңнан шыққан оларды Мұса шайқасқа аттандырды. Діни қызметкер Елазар ұлы Пінехес қолына киелі бұйымдар мен белгі беретін кернейлерді алып, солармен бірге аттанды. Бұл кезде Жаратқан Ие Леуі руын халықтың өзге руларынан бөліп, Өзінің қызметіне тағайындады. Леуіліктердің міндеттері Жаратқан Иенің Келісім сандығын (халық көшкенде) көтеріп жүру, Жаратқан Иенің алдында тұрып қызмет ету және Оның атынан адамдарға бата беру болды. Леуіліктер қазірге дейін осы міндеттерін атқарып келеді. Бұдан былай исраилдіктер қаһарыма ұшырамаулары үшін, сендердің киелі шатырдағы және құрбандық үстелінің алдындағы міндеттерді орындауларың керек. (Діни қызметкер) Һарон ұлы Елазар дүние салғанда оның мәйіті өзінің ұлы Пінехеске Ефремнің таулы аймағынан белгіленген қыраттағы қабірге қойылды. Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Орныңнан тұрып, ылдилап мадияндық жасақшылардың тұрағына аттан! Себебі Мен оны сенің қолыңа тапсырдым. Ал Пінехес тұрып, зұлымдыққа қарсы шықты,Індеттің апаты осылайша тиылды.
Выбор основного перевода