Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын». Ешуа қайтыс болғаннан кейін исраилдіктер Жаратқан Иеден:— Қанахандықтарға қарсы қайсымыздың бірінші болып өрлеп барып, шабуыл жасағанымызды қалайсың? — деп сұрады. Жаратқан Ие:— Яһуда руы өрлеп барсын! Мен елді оның қолына тапсырып отырмын, — деп жауап берді. Сонда исраилдіктердің барлығы, бүкіл жасақ, Бетелге қайта оралды да, Жаратқан Иенің алдында қайғырып жылап, сол күні кешке дейін ораза ұстады. Содан соң Жаратқан Иенің алдында түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарын ұсынды. Сол кездері Құдайдың Келісім сандығы Бетелде орналасқан еді. Һаронның немересі Елазар ұлы Пінехес оның алдында діни қызмет атқаратын. Сонда исраилдіктер Жаратқан Иеден: Буняминдіктер олармен шайқасу үшін шығып, қала маңынан алшақтап кетті. Олар шабуыл жасап, бұрынғы кездегідей исраилдіктерге шығын келтіре бастады: Бетел мен Гибеяға баратын жолдардың үстінде және егістік жерінде болған шайқастарда олар отыз шақты адамды өлтірді.
Выбор основного перевода