Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Исраилдіктер Бетелге өрлеп барып, сонда Құдайдан:— Буняминдіктерге қарсы шайқасуға қай ру бірінші болып өрлеп барсын? — деп сұрады. Жаратқан Ие оларға:— Яһуда руы бірінші болып өрлеп барсын! — деп бұйырды. Себебі олар Жаратқан Иенің алдына барып, сонда кешке дейін қайғырып жылап, Жаратқан Иеден былай деп сұраған еді:— Ағайынымыз Бунямин руына қарсы қайтадан аттанып шайқасуға тиістіміз бе? — Жаратқан Ие:— Оларға қарсы аттаныңдар! — деп жауап берген болатын. Енді халық Бетелге барып, сол жерде Құдайдың алдында отырып, кешке дейін дауыс көтеріп қатты жылады.
Выбор основного перевода